Журуа () — Амазонканың оң жақ саласыhttps://old.bigenc.ru/geography/text/1984276. Ұзындығы 3286 км.

Географиясы Бастауын Перу Андысының тау алды жазықтарынан (Ламантья) алады. Ірі саласы – Тарауака. Өзен, негізінен, Бразилияның Акри және амазонас штаттары арқылы ағып өтеді. Жоғарғы ағысында биік құмды жазықпен, орта және төменгі ағысында Амазона ойпатымен қатты ирелендей ағады. Жағалауы ну ормандармен көмкерілген.

Негізінен, жаңбыр және жерасты суларымен толығады. Өзен күзде тасиды. Қаңтардан мамыр айына дейін суы мол, ал тамыз – қазан айларында су деңгейі күрт төмендейді.

Маңыздылығы Орта және төменгі ағысы (Крузейру-ду-Су қаласынан төмен) кеме жүзуіне қолайлы. Өзен бойында Бразилияның екі шағын қаласы –Эйрунепе, Карауари орналасқан. Дереккөздер

Сілтемелер HYDROLOGIE DU BASSIN AMAZONIE

Санат:Перу өзендері Санат:Бразилия өзендері