Набизаде (Nabizade) Назым (1862, Стамбул,–6. 8. 1893, сонда) – түрік жазушысы, түрік әдебиетіндегі реалистік мектептің алғашқы өкілдерінің бірі. 1886 ж. Стамбулда әскери академияны бітіріп, математикадан, әскери істен сабақ берді. Шығармалары 1880 жылдан бастап жарияланды. Романист әрі новеллист ретінде белгілі болды. «Қара Бибик» деген әңгімесінде (1890) Анатолия шаруаларының тұрмысы мен психологиясын, түрік деревнясындағы әлеуметтік теңсіздікті бейнеледі. «Зехра» романы (1896) Стамбулдың еңбекші адамдарының өміріне арналған.Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Набизаде · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.