Хоббит: Бес әскердің шайқасы () — «Хоббит» атты кинотрилогияның соңғы бөлігі. Фильмді 2014 жылы режиссер Питер Джексон түсірген.

Қысқаша суреттеме Он үш гноммен бірге Жалғыз тауға аттанған Бильбо Бэгинстің негізгі міндеті - қазынаны табу ғана еді. Бірақ гномдардың патшалығын айдаһар Смаугтан тартып алу оңайға түспейді. Оның үстіне гномдардың патшасы Торинге дер кезінде көмек қолын созған адамдар мен эльфтар өз үлестерін талап етті. Ол аздай - жер астынан зұлымдықтың елшілеріндей орктар пайда болады. Ары қарай бес түрлі халықтардың (адам, орк, эльф, гном, гоблин) соғысы басталады.

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

Санат:2014 жылғы АҚШ фильмдері Санат:АҚШ фэнтези фильмдері Санат:2014 жылғы фэнтези фильмдері Санат:АҚШ шытырман оқиғалы фильмдері Санат:Warner Bros. фильмдері Санат:Ағылшын тіліндегі фильмдер Санат:Питер Джексон фильмдері