Шаң - қатты бөлшектердің атмосферадағы жиынтығы. Шаңның пайда болуына қарай табиғи және жасанды, минералдық, органикалық шаруашылық коммуналды-тұрмыстық болып бөлінеді. Түтіннен айырмашылығы - желсіз кезде шаң шөгеді. Адамның денсаулығына диаметрі 2,5 мкм-ден кем ұсақ бөлшектер қауіпті болып саналады. Шаңның қаншалықты зиянды болатыны құрамына байланысты. Шаң бөлшектері неғұрлым ұсақ болса, олар солғұрлым атмосферада және адамның өкпесіне енгенде өкпенің ең терең бөліктерінде ұзақ сақталады. шаңның әсерінен жиі кездесетін аурулар қатарына; пневмокониоз бен бронхит жатады. Дереккөздер Қазақстан ұлттық энциклопедия. 9 том. Алматы, 2007.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Шаң · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.