Кассандра Харрис (), туған кезінде Сандра Коллин Уэйтс (; 15 желтоқсан, 1948, Сидней, Жаңа Оңтүстік Уэльс, Аустралия – 28 желтоқсан, 1991 жыл, Лос-Анжелес, Калифорния, АҚШ) — аустралиялық және америкалық актриса.

Өмірбаяны Кассандра Харрис, туған кезінде Сандра Коллин Уэйтс, 1948 жылы 15 желтоқсанда дүниеге келген. 1961 жылы 12 жаста болғанында Сандра Глисон есімімен National Institute of Dramatic Art университетіне түседі. 1970 жылдардан фильмдерде түсе бастайды.

Жеке өмірі 1964 жылы Кассандра Уильям Фертке күйеуге шығады. Алайда олар көп ұзамай ажырасады. 1970-1978 жылдар аралығында Дермот Харрис атты продюсердің әйелі болған. Олардың екі балалары дүниеге келеді: Шарлотт Эмили Броснан (1971—2013, 41 жасында жұмыртқа ісігінен өмірден өтеді) және ұлы Кристофер Броснан (1972).

1980-1991 жылдарда Кассандра Пирс Броснан атты актермен некеде болған. Олардың Шон Уильям Броснан атты ұлдары бар (1983).

Өлімі 1987 жылы актрисаның қатерлі ісігі бар екендігі бегілі болады. Осы аурумен 4 жыл бойы күресіп, 1991 жылдың 28 желтоқсанында Кассандра Харрис Лос-Анжелесте дүниеден өтеді.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Кассандра Харрис Find a Grave сайтында