Қосмұрын – Сарыарқаның орталық бөлігіндегі тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы Ақадыр кентінің оңтүстік-батысында 15 км жерде орналасқан. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 30 км-ге созылып жатыр, енді жері 7-8 км. Абсолюттік биіктігі 1115 м.
Геологиялық құрылымы Девон жүйесінің төменгі және ортаңғы бөлімінің жыныстарынан түзілген.
Жер бедері Сай-жыралармен тілімденген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Бұлақтарға (Мүкібай, Айнабұлақ), жылға, өзендерге (ірілері - Талдыеспе, Алабасқы, Жаманөзек) бай.
Өсімдігі Сортаңдау қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, бұталар өседі. Жайылымдық пен қыстауларға (Шағыр, Бекет, т.б.) пайдаланылады. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Шет ауданы таулары