Есперсен Отто (; , Раннерс — , Копенгаген) — даниялық лингвист, тіл маманы. 1893 жылдан бастап Копенгаген университетінің ағылшын тіл профессоры. Есперсен сөйлеу тілінің негізінде жазылған ағылшын тілі оқулығының авторы (1895 жылы). Негізгі еңбектері: «Фонетиканың негізгі мәселелері» (1904), «Ағылшын тілінің құрылысы және оның дамуы» (1905), «Қазіргі ағылшын тілінің грамматикасы» (1909-1949), «Фонетика оқулығы» (1913), «Тіл» (1922), «Грамматика философиясы» (1924). Ол сонымен қатар жасанды тіл жайында 60-тан астам кітап жазып қалдырған.Қазақ Совет Энциклопедиясы,4 том
Есперсен — тілдегі «прогресс теориясының» авторы. Бұл теорияға сәйкес тілдегі барлық өзгерістер қарым-қатынас жағдайларын жеңілдетуге бағытталғандықтан, прогрессивті сипатқа ие болады. Ол халықаралық жасанды новиаль тілінің жобасын жасап, бұған дейін идо тілін әзірлеуге қатысқан.
Дереккөздер
Санат:Дания тіл мамандары Санат:Новиаль