Долорес Ибаррури Гомес (, Пассионария деген атпен белгілі (, ; (9 желтоқсан 1895, Гальярта, Бискайя провинциясы — 12 қараша 1989, Мадрид) — испан және халықаралық жұмысшы қозғалысының қайраткері. Кенші отбасысында дүниеге келді. 1917 жылы Соморростро қаласында социалистік ұйымға кіріп, жұмысшы баспасөзінде Пасионария (Жалынды) деген атпен мақалаларын жариялай бастады.

Ибаррури 1920 жылы құрылған Испания коммунистік партиясын ұйымдастырушылардың бірі. 1930 жылдан Испания коммунистік партиясы ОК-нің, 1932 жылдан Саяси бюросының (1960 жылдан Атқару комитетінің) мүшесі. 1932 жылы Х. Диаспен]] бірге Испания коммунистік партиясы басқару мүшелерін сектанттық элементтерден тазартуда, 1934 жылы реакцияға қарсы күресте және 1935 – 36 жылы антифашистік Халық майданын құруда Ибаррури көп еңбек сіңірді. 1932 жылдан Испания коммунистік партиясының әйелдер арасындағы жұмысын басқарып, 1931 – 33 жылы Испания коммунистік партиясының орталық мүшесі «Mundo Obrero» газеті редакторларының бірі болды. Ибаррури алты рет ұсталып, түрмеге жабылды. Коминтерннің 7-конгресінде (1935 жылы) Коминтерн Аткомының мүшелігіне кандидат болып сайланды. 1936 жылы ақпанда кортес (парламент) депутаты, ал 1937 жылы кортес вице–председателі болып сайланды. Фашистік бүлікшілерге және Италия мен Германия интервенциясына қарсы күресте (1936 – 39 жылдары) Ибарруридің жалынды халық шешені және партия басшысы ретіндегі таланты ерекше күшпен байқалды.

Дереккөздер

Санат:Коммунистер Санат:Испания коммунистері Санат:Марксистер Санат:Испания саясаткерлері