Александр Матвеевич Матросов (1924, Днепропетровск - 1943, Псков облысы, Локнянск ауданы, Чернушки ауылының маңында) — Кеңес Одағының Батыры (1943Указ Президиума Верховного Совета СССР «О присвоении звания Героя Советского Союза начальствующему и рядовому составу Красной Армии» от 19 июня 1943 года // Ведомости Верховного Совета Союза Советских Социалистических Республик : газета. — 1943. — 23 июня (№ 23 (229)). — С. 3). 1942 жылдан ВЛКСМ мүшесі. Балалық шағында ата-анасынан айырылған Матросов Ульиновск обылысының Ивановск балалар үйінде және Уфада балалардың еңбек колониясында тәрбиеленеді. 1942 ж. қазанда Қызыл Армияға шақырылып, жаяу әскерлер училищесіне курсант етіп жіберіледі. 1942 ж. қарашада өз еркімен майданға аттанып, 56-гвардиялық атқыштар дивизисы (Калинин майданы) 254 - гвардиялық атқыштар полкінің құрамында қатардағы жауынгер болып ұрысқа қатысты. Матросов Чернешки ауылы үшін ұрыста жау дзотының амбразурасын өз денесімен жауып, қаһармандықпен қаза тапты. Уфада Матросовқа ескерткіш орнатылған.

Дереккөздер

Санат:Кеңес Одағының батырлары