Қызылтас – Ешкіөлмес тауларының оңтүстік-батыс бөлігіндегі тау тізбектері.
Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы Киік аулының оңтүстік-батысында 48 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1037 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай тізбектеліп 11 км-ге созылған, енді жері 4 км.
Жер бедері Беткейлері тау аңғарларымен, сай-жыралармен тілімденген. Баурайындлағы бұлақтардан Мойынты, Қараеспе өзендері бастау алады. Солтүстігінде Қараматақ, оңтүстігінде Өзенжал, оңтүстік-батысында Қаратөбе, оңтүстік-шығысында Ақтас таулары бар.
Өсімдігі Тауалдының қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, боз, бетеге, қараған, селеу, бұталар өседі. Беткейі жазғы жайылымдыққа және қыстауға пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Шет ауданы таулары