Қоянды – Жетісу Алатауының оңтүстік-батыс бөлігіндегі тау тізбектері.

Географиялық орны Көктал және Көксу өзендерінің суайрығында жатыр. Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Көксу ауылының шығысында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 3600 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 32 км-ге созылған, енді жері 19 км.

Жер бедері Тік жартасты беткейлер мен терең шатқалдар жиі кездеседі. Таудан Көксу мен Көктал өзендерінің салалары бастау алады. Солтүстік баурайындағы жартастардың биіктігі 20 м-ге дейін.

Геологиялық құрылымы Герцин қатпарларының гранитті, гранодиоритті жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Биік белдеуінде жер бедерінің альпілік пішіндері кең дамыған. Өзен арналары мен аңғарларында сирек қылқан және жалпақ жапырақты шоқ ормандар өскен. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Жетісу Алатауы Санат:Кербұлақ ауданы таулары