Ғұбайдолла Отарұлы Ілиясов (1914 жыл 12 қараша, Жәнібек ауданы, Бекжан ауылы — 2001 жыл 22 қазан, Алматы) — ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент, мемлекет және қоғам қайраткері.
Еңбек жолы 1938 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі ауылшаруашылық тобының бастығы қызметін атқарған. 1950-1952 жылдары — Қазақ КСР жеңіл өнеркәсіп министрінің бірінші орынбасары. 1952-1954 жылдары — Көкшетау облыстық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары. 1954-1955 жылдары — Ақмола облыстық партия комитетінің екінші хатшысы. 1956-1959 жылдары — Талдықорған облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1959-1961 жылдары — Қызылорда облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1961-1975 жылдары — Қазақ мемлекеттік университетінің (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) оқытушысы, аға оқытушысы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 4-5-шақырылымдарының депутаты.
Марапаттары 2 мәрте 2-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Құрмет грамотасымен марапатталған.
Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесінің Алтын орденімен (1954; 1956) марапатталғанБатыс Қазақстан облысы. Экциклопедия. Толықтырылған 2-ші басылымы. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2010. — 580 бет + 32 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 978-601-291-049-0.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер 12 қараша. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР
Санат:Қазақстан қоғам қайраткерлері Санат:1914 жылы туғандар Санат:Батыс Қазақстан облысында туғандар Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Қазақстан КП Талдықорған облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Қазақстан КП Қызылорда облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары Санат:II дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Халық Шаруашылығы Жетістіктері Көрмесі алтын медалінің иегерлері