Қарашоңғал – Оңтүстік Алтай жотасының солтүстік-шығысындағы тау.
Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы Аршаты ауылының оңтүстік-шығысында 20 км-дей жерде, Бұқтырма өзенінің аңғарында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 2875 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 12 км шамасында созылған, енді жері 6 км.
Жер бедері Беткейі тіктеу бірнеше шоқылардан тұрады. Таудың түпкі жыныстары жалаңаштанып, сай, өзен аңғарларымен тілімделген. Солтүстік-шығысында Бұқтырма көлі орналасқан.
Өсімдігі Тауаралық аңғарда және беткейлерінде тау өсімдігі, одан жоғарыда қылқан жапырақты орман өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Катонқарағай ауданы таулары Санат:Алтай