Тәттібай Дүйсебаев — Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы ауыл, Шақпақ ауылдық округінің құрамында.
Географиялық орны Аудан орталығы - Бауыржан Момышұлы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 11 км-дей, округ орталығы – Шақпақата ауылынан 4 км жердегі Шақпақ асуының етегінде, Алатаудың солтүстік жағалауында көк майсалы, сулы да нулы жерге қоныстанған. Кеңестік дәуірде "Амангелді" болып аталған. Ауыл тұрғындары ауылдың атын осы ауылдан шыққан генерал Тәттібай Дүйсебаевтың есімін беруге шешім қабылдады. Бұл ұсыныс 1997 жылы республика деңгейінде заңды шешімін тапқан.
Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен868 930 107,1 438 477 108,9 430 453 105,3
Тарихы Ауыл 1996 жылға дейін "Калинин" ауылы аталған. 1966-96 жылдары картоп өсіретін облысы ауыл шаруашылық тәжірибе станциясының бөлімшесі болған. Бөлімше негізінде Тәттібайда 1996 жылы шаруа қожалықтары ұйымдастырылды.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Ауыл маңы табиғаты Шегірқамал - ауылдың оңтүстігінде, шамамен 10-11 шақырым жерде, Жоғарғы Алатаудың Жуалы асуының Көктал және Көкше жоталарының арасындағы аңғардағы қамал. Бұл қамалды Жоңғар шапқыншылығы кезінде Жаныстан тарайтын Шегір руының Итаяқ батыры тастан салдырып, сол жерден тауға қарсы садақ тарттырған деседі. Бекіністің күштілігі сонша, қалмақтар шабуыл жасаса да, оны ала алмайды. Содан бұл жер "Шегірқамал" атанып кеткен.
"Ақпан батыр" атты тарихи дастанда қамал туралы жақсы баяндалған.
Бір күні Шегірдің жасақтары әр тұстан қарауыл қойып түнгі ұйқыға кеткенде Жылқыбай атты қарауыл сатқындық жасап "Бала құлан" сайында жатқан қалмақты бастап келеді. Күзетшінің бұл сатқындығы Шегірлерді қатты қырғынға ұшыратады. Бұл оқиға кезінде Шегірдің атақты батыры Ақпан жорықта болады. Келген соң жаудан кек алуға серт беріп, қаза тапқан жасақтардың басына оба орнатады.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы
Дереккөздер
Санат:Жуалы ауданы елді мекендері