Нәубет — Тоқтау жасатылған кино режиссёр Қалила Умаровтың деректі фильмі, шығарылған жылы 1992 жыл.

Фильм Деректі фильм

Деректі фильм жайлы Бұл деректі фильм В.Михайловтың "Хроники Великого Джута" кітап желісі бойынша түсірілген, Бұл ашаршылық Жоңғар шапқыншылығынан да асып түсетін қазақ даласына зобалаң болды, қазақтарды кең жартысы қырылды, Бұл ашаршылықтан кейін қазақтардың саны 1926 жылы болған санақтағы санға қырық жылдан кейін жеткен.

Ашаршылық жайлы “Қазақ тарихындағы ең қаралы, ең қасіретті кезең – 1932-1933 жылдар – халықымыздың тең жарымын, бәлкім, одан да көбірек бөлігін жалмап жатқан ғаламат ашаршылық. Қазір бұл сұмдық заманды баяғы Ақтабан шұбырынды уақиғасымен салғастырып жатады. Онда да қазақ халқы ауыр шығын тартқаны белгілі. Қалған ел қонысынан ауып, жан-жаққа бытыраған, қаншама қиындыққа ұшыраған. Бірақ Ақтабан-Шұбырынды – жаугершілік кезіндегі ауыр жеңіліс нәтижесінде тап болған бақытсыздық еді. Ер-азамат айқасып, арпалысып өлді, бала-шаға, кемпір-шал тура келген ажалға ұшырады. Аман қалған азаматтардың басы бос болды, қолында қауы болды; ел-жұрт қайтадан ұйысып, қатерлі жауға қарсы жаңа күресін бастады. 1932-1933 жылғы ғаламат ашаршылықтың жөні мүлде бөлек. ” – дейді Мұхтар Мағауин.

Сыртқы сілтемелер Ресми торабы

Дереккөздер

Санат:1992 жылғы Қазақстан фильмдері Санат:Қазақстан деректі фильмдері Санат:1932 жыл Қазақстанда Санат:1933 жыл Қазақстанда