Леп, Лепка – Түрген алабындағы өзен.
Географиялық орны Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 40 км, жалпы ұзындығы 11 км болатын 5 саласы бар. Ірілері: Баубек, Кіші Шарын, Үлкен Шарын, Қарасу.
Бастауы Бастауын Құлжа және Ташкенсаз ауылдары аралығындағы қайнарлардан алып, Ақжал ауылынан төменде Іле өзеніне (Қапшағай су қоймасы) құяды.
Гидрологиясы Арнасы ашық өңірмен өтеді. Жағалауы жарлауытты келген. Шағын тоған салынған. Алабының басым бөлігі жыртылған. Үлкен Шаған саласымен қосылған телімінде ұзындығы 0,5 км, ені 0,14 км, су көлемі 1,2 млн. м3 болатын Лепке - 1 атты шағын бөген салынған.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Еңбекшіқазақ ауданы өзендері Санат:Іле су алабы