Қарасу – Бүйен алабындағы өзен.

Географиялық орны Жетісу облысы Ақсу ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 54 км, су жиналатын алабы 895 км².

Бастауы Сағабүйен ауылы тұсында Бүйен өзенінен бөлініп шығып, Қызылағаш аулынан солтүстікке қарай 25 км-дей жерде Көлденеңжайылма қонысында жерге сіңіп кетеді.

Гидрологиясы Арнасы кең, ағыны баяу. Жылдық орташа су ағымы 2,05 м³/с. Шағын 5 саласы бар. Алабы шабындық пен жайылымға, суы егін суғаруға пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Ақсу ауданы өзендері Санат:Қаратал су алабы