Ырғайты – Шу алабындағы өзен.
Географиялық орны Жамбыл облысы Қордай ауданы жерімен ағып өтеді. Атжайлау тауынан басталады.
Гидрологиясы Ұзындығы 58 км, әрқайсысының ұзындығы 10 – 20 км болатын 41 жылға келіп құяды. Олардың жалпы ұзындығы 60 км-ге жуық. Қар, жауын-шашын, жер асты суымен толығады. Жоғары ағысындағы аңғары тар, жартасты. Ақтерек ауылы тұсында өзен суын шаруашылықтар егін суаруға бөліп әкетеді.Тараз Энциклопедисяы
Дереккөздер
Санат:Қордай ауданы өзендері Санат:Шу су алабы