Тайри тауы - Антарктидадағы көлемі бойынша екінші тау. Тайри Антарктидадағы Винсон массивінің солтүстік-батысында 13 шақырым қашықтықта орналасқан. Бұл тау 1958 жылы Америка Құрама Штаттары Әуе күштерінің барлауы кезінде белгілі болған. Тайри контр-адмирал Дэвид М.Тайридің құрметіне аталған. Ол АҚШ-тың Антарктидадағы әскери әуе күштерін 1959 жылдың 14 сәуірінен 1962 жылдың 26 қарашасына дейін басқарды.
Бұл таудағы альпинистік науқан қарашадан қаңтарға дейін созылады. Тайри тауына алғаш рет 1967 жылы Николай Клинчтің командасындағы Барри Корбет және Джон Эванс шыққан болатын. Тайри тауы Антарктидада орналасқан Тайри тауы шығыс жағынан тік, қырлы және тас тіректі ірі пирамида секілді көрінеді.
Тайри тауының биіктігі 4852 м-ді құрайды. Тайридің оңтүстік беткей жағының биіктігі 2011 м-ді құрайды. Таудың бұл бөлігінің құрылымы күрделі екен. Сондықтан Тайриге оңтүстік беткей арқылы әлі ешкім көтерілмепті. Тайри тауына алғаш рет альпинистер 1958 жылы көтерілген. Тау Винсон массивінің солтүстік-батысынан 12 шақырым қашықтықта орналасқан. Тайри тауының шыңы биік қорған секілді. Алматы: “Аруна” баспасы. 208 бет. Сер.:“1100 қызықты дерек”.
Дереккөздер
Санат:Антарктида таулары