Қызылжемсаулы сайрақ (Turdus ruficollis) - қаражемсаулы сайраққа өте ұқсас, бірақ тамағы мен жемсауы қара реңді емес, тат түстес қызғылтсары құс.

Көптеген мамандар күні бүгінге дейін қаражемсаулы сайрақ пен қызылжемсаулы сайрақты бір түрдің - қошқыл сайрақтың екі түршесі деп есептейді.

Алтайдан Забайкальеге дейінгі Сібір ормандарында мекендейді. Ал Қазақстанда маусымдық жылыстау және қыстау кездерінде анда-санда кездеседі.

Қазанда және қаңтар мен наурызда кездескені мәлім. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.

Дереккөздер

Санат:Сайрақтар Санат:Еуразия құстары