Қусақ, Сегізауыл – Солтүстік Балқаш алабындағы өзен. Ұзындығы 184 км, су жиналатын алабы 10,8 мың км2.
Географиялық орны, бастауы Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының жерімен ағады.
Бастауы Бастауын Абай облысы Семей қалалық әкімдігі аумағына қарасты Қайнар ауылының оңтүстік-батысындағы Көкшетау тауларындағы қайнарлардан алып, Қотанбұлақ тауларының батысындағы Ортақора қыстауының солтүстігінде жерге сіңіп кетеді.
Гидрологиясы Көктемде 10-15 күндей ағыны болады. Жоғарғы ағысы тау шатқалымен ағады, Ошан қонысында аңғары кеңейіп сайлы-жыралы жермен өтеді. Татан ауылы маңында арнасы мен алабы қайтадан тарылады (осы жерден бастап өзен Қусақ деп аталады). Одан кейінгі арнасы 2,5-5 км-ге кеңейіп, алабы ауқымды болып келдеді. Молақ қыстауы және Қошқар ауылы аралығында ағысы үзіліп, жерге сіңіп кетеді. Қошқар тауларынан бастап арнасы пайда болады. Жаз айларында ағысы болмайды. Негізінен көктемегі қар, жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. Татан ауылына дейінгі суы тұщы, Қошқар ауылына дейін ашқылтым, одна төменде тұзды болып келеді.
Салалары Жалпы ұзындығы 90 км болатын 30-ға жуық салалары бар. Ірілері: Қаражан, Құрөзек, Көккөз, Мергенбай, Көкиірім, Иіреу, т.б.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) өзендері Санат:Балқаш су алабы