Серхио Херман Ромеро (исп. Sergio Germán Romero; 22 ақпан 1987https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/30690, Бернардо де Иригоен, Аргентина) — аргентиналық футболшы, қақпашы.

Мансабы thumb|left|200px| Серхио Ромеро Аргентинаның 20 жасқа дейінгі ұлттық құрама сапында 2007 жылы Әлем чемпионатына қатысып бірінші орынға ие болады. 2008 жылы Пекинде өткен Олимпиадаға екінші қақпашысы ретінде қатысады. Ол жерде Аргентинаның негізгі қақпашысы Оскар Устари жарыстың ¼ финалында қатты жарақат алып, Серхио Ромеро ойынға қатысу қажет болады. Ромеро қақпада жарыстың соңына дейін тұрып бірде-бір доп өткізбейді.

2007 жылы Серхио нидерландық "А3" футбол командасына 1,5 млн. евроға ауысады. 2007/08 маусымында екінші қақпашы ретінде өнер көрсетсе, 2008/09 маусында негізгі қақпашының рөлін атқарды, сонымен қатар Серхио "А3" командасының Нидерланд чемпионатындағы барлық ойынға қатысқан жалғыз ғана ойыншы. 12 турдан бастап 21 турға дейін өзінің қақпасына бірді-бір доп өткізген жоқ.

9 шілде күні 2014 жылы Серхио Ромеро Нидерланд ұлттық құрамасына қарсы ойында екі пеналтиден соққыны қайтарып Аргентина ұлттық құрамасын Әлем Чемпионатының финалына шығарды. Финалда Германия ұлттық құрамасымен кездесіп (0-1) есебімен жеңіліп қалады, бірақ германдар Серхионың қақпасына тек "116" минутта ғана гол соғады. Ол ойында Серхио Ромеро ең үздік ойыншы атанады. Жетістіктері

Клубтық "А3" Нидерланд чемпионы: 2008/09 Нидерланд Суперкубогы: 2009 Аргентина Әлем чемпионатының күміс жүлдегері: 2014 Америка кубогының күміс жүлдегері: 2015, 2016 Олимпиада чемпионы: 2008

«Манчестер Юнайтед»

Англия Кубогы: 2015/16 Лига Кубогы: 2016/17 Англия Суперкубогы: 2016 Еуропа лигасы: 2016/17

Дереккөздер

Санат:Аргентина футболшылары Санат:Аргентина Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Расинг Авельянеда ФК ойыншылары Санат:АЗ Алкмаар ФК ойыншылары Санат:Сампдория ФК ойыншылары Санат:Монако ФК ойыншылары Санат:Манчестер Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Футболдан Олимпиада чемпиондары Санат:Аргентина Олимпиада чемпиондары Санат:2008 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары Санат:Венеция ФК ойыншылары Санат:Бока Хуниорс ФК ойыншылары Санат:Алфавит бойынша Олимпиада чемпиондары