Бранислав Иванович (серб. Бранислав Ивановић; 22 ақпан 1984 жыл, в Сремска-Митровице, Югославия) — оң және орталық қорғаныс шебіндегі серб ойыншысы.
Клубтық мансабы 2006 жылы ақпан айында Бранислав московтық "Локомотив" футбол клубымен төрт жылдық келісім шартқы тұрды. Бранислав Иванович "Локомотив" сапында 54 ойын ойнап 5 гол соғады. Осы "Локомотив" клубымен Бранислав бір ғана жүлдеге ие болады, ол Ресей Кубогы 2007.
15 қаңтар 2008 жылы Браниславты лондондық "Челси" футбол клубы "Локомотивтан" 9 млн. евроға сатып алады. Бұл ойыншы "Локомотивтың" тарихы бойынша ең қымбат сатылға ойыншы болып есептеледі. "Челсидан" басқа Еуропаның беделді командалары "Милан" "Ювентус" "Интернационал" секілді командаларда Браниславты сатып алғысы келді. Бранислав Иванович "Челсимен" үш жылдық келісім шартқа тұрады.
Бранислав "Челси" үшін Англия чемпионатында ең алғашқы ойынын "Астон-Вилла" клубына қарсы ойнап (2-0) есебімен жеңіске жетеді. Бранислав "Челси" үшін алғашқы голын УЕФА чемпионатының ¼ финалында "Ливерпульге" қарсы ойында салады. Ол ойында "Челси" (3-1) есебімен жеңіске жетеді.
2013 жылы 15 мамырда "Челси" Бранислав Ивановичтың 93 минутта салған голы арқасында ең алғаш рет УЕФА Кубогының иегерлері болады. Бұл "Челси" үшін үлкен қуаныш болады.
Жетістіктері Клубтық Локомотив Ресей Кубогының иегерлері: 2007 Челси Англия чемпиондары: 2009/2010 Англияның Кубогының иегерлері: 2009, 2010, 2012 Англияның Суперкубок иегерлері: 2009 УЕФА Чемпиодар Лигасының жеңімпаздары: 2012 УЕФА Еуропа Лигасының жеңімпаздары: 2013 «Зенит»
Ресей чемпионы (2): 2018/19, 2019/20 Ресей кубогы: 2019/20
Жеке Ресейдің 33 ең үздік ойыншыларының №1: 2007 Сербияның ең үздік ойыншысы: 2012, 2013
Санат:Сербия футболшылары Санат:Сербия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Челси ФК ойыншылары Санат:Локомотив Мәскеу ФК ойыншылары Санат:Зенит ФК ойыншылары Санат:ОФИ ФК ойыншылары Санат:Вест Вромвич Альбион ФК ойыншылары