Шырғалақтар туысы () — татреңтәрізділер отрядының тауқұдіреттер тұқымдасы шырғалақ тұқымдастары тармағына жататын 4 туыстың біреуі. Шырғалақ туыстылар - дене мөлшері ірі және орташа, ұзын тұмсықты және ұзын аяқты құстар. Жонының жабын қауырсындары - қызыл қошқыл - қызғылтсары теңбілді және қошқыл реңкте жолақтары бар. Күйттік жасану кезінде бауыры - қызғылтсары. Жыныстық және жас ерекшелік өзгерістері айқын білінбейді.

Шырғалақтар туысында 4 түр бар, олардың екеуі Қазақстанда кездеседіҚұстар. Мектеп энциклопедиясы, 2010, Ковшарь Анатолий Федорович, ISBN 978-601-282-168-0, 352 бет, Алматы: Атамұра.

Дереккөздер

Санат:Татреңтәрізділер