Қаратұмсық содырғы () - Торғайтәрізділер отрядының Содырғылар тұқымдасының қошқыл реңділігі байқалатын құс.

Биологиялық сипаттама Қаратұмсық содырғы - сұржон содырғыға өте ұқсас, алайда денесі сәл кішірек (20-30 г). Жоны мен екі қапталы тот түстес қоңыр реңкті тығыз орналасқан қошқыл аламыш болып келеді: ақ тамақтан да осындай аламыш жолақтар бойлай созылады. Қаратұмсық содырғы, сондай-ақ жақсы сайрайды және аспандап сайрай ұшып, құсойнақ жасайды.

Ұяларын көбінесе тас астына, кейде шөптесін томардың тасасына жай ғана орналастырады. Салындыдағы 3-5 шұбарланбаған көгілдір жұмыртқаларды аналық екі аптаға жуық басады.

Ұядағы балапандарды осынша уақыт ата-енелері қоректендіреді. Бұл түр жұптарының жеке бөлігі тіпті осыншалық биіктікте, бір жазда екі рет балапан өрбітіп үлгеретінін біздің анықтай алуымызға мүмкіндік болды. Біз қаратұмсық содырғыларды Батыс Тәңіртаудан қыста кездестірдік, олар мұнда қоректерін іздеп көшіп келеді.

Таралуы Тәңіртау, Жоңғар Алатауы және Алтай тауларының субальпілік белдеуінде, сондай-ақ альпі белдеуінің төменгі бөлігіне (Тәңіртауға - 2700-ден 3500 метрге дейін) еніп, сұржон содырғымен қатар өмір сүріп, орын тебеді. Алайда қаратұмсық содырғы - жартастарды, ал сұржон содырғы тастары бар көгалды ұнатады.Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010

Дереккөздер

Санат:Содырғылар Санат:Еуразия құстары