Самарқаулық— адам бойындағы жігерсіздікті білдіретін ұғым. Іс-әрекетке ынтасыздық, қайратсыздық Самарқаулықтың белгілері болып табылады. Самарқаулыққа салынған адамның көңіл-күйіндегі өзгерістер, ішкі қалауы сыртқа анық, ашық білінбейді, оған қайғы мен қуаныш та әсер етпеуі мүмкін. Мұндай құлықсыз күйге жалқаулыққа бой алдырған, көпшілікпен араласпайтын адам ұшырайды. Самарқаулықтан арылу үшін адам өз ерік-жігерін жинап, мақсатты түрде әрекеттенуі қажет.Қазақ Энциклопедиясы, 7 том

Пайдаланылған cілтемелер