Құмқы немесе құм көкмарасы () - Сүттіген тұқымдасына () жататын Көкмарас тегінің өсімдігі.
Ботаникалық сипаттамасы Биіктігі 5— 25 см. Бұтақты сабағы тарамданып өседі.
Жапырақ тақталары жұмыртқа тәрізді, жиегі тегіс немесе ірі тісті иректелген.
Бір үйлі, дара жынысты гүлдері шашақ гүл шоғырына топталған. Аталығы 5, төмен қарай иілген гүлтұғырына 2—6 аналық гүлдері орналасады. Жемісі етжеңді үш ұялы қорапша. Тұқымы ұзынша келген, сырты жеміс. Маусымнан қыркүйекке дейін гүлдеп, кыркүйектің аяғында жеміс береді. Құрамында бояғыш заттар болады.Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
Дереккөздер
Санат:Сүттігендер