Налобино — Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы ауыл, Налобин ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы — Бескөл ауылынан солтүстік-батысқа қарай 53 км-дей жерде.

Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1308 адам (600 ер адам және 708 әйел адам) болса, 2009 жылы 938 адамды (439 ер адам және 499 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Тарихы Іргесі 1760 жылы қаланған. Тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты 1954 жылы астық өсіретін кеңшар құрылды. Оның негізінде 1996 жылдан ЖШС және бірнеше шаруа қожалығы жұмыс істейді.

Дереккөздер

Санат:Қызылжар ауданы елді мекендері