Қарсақбай темір кендері тобы - Қарағанды облысы, Қарсақбай-Ұлытау синклинальдық ойпаңының батыс бөлігіндегі темір кентасты аймақта орналасқан. Бойлық бағытта 200 км-ге дейін созылған және батысқа қарай 60-70° бұрышқа көлбеулене жатыр.

Геологиялық құрылымы Осы құрылымда аса күшті, күрделі қатпарлықтар пайда болған. Негізінен кварциттерден, жасыл түсті туфтекті, кварц-серицитті және кварцхлоритсерицитті тақтатастардан тұрады. Темір кентастары Қарсақбай шоғырының темірлі кварциттерінде шоғырланған.

Жатыс сипаты Қарсақбай темір кендері тобындағы 7 кеннің ішіндегі бастылары - Балбырауын темір кен орны мен Керегетас кені. 100 млн. т-дан астам Балбырауын кенінде 7 кентас танабы (жалпы ұзындығы 5 км, ені 300 м-ге дейін) қоры 500 млн. т-дан астам, Керегетас кенінде 5 кентас танабы (ұзындығы 200 м-дей, қалыңдығы 200 м-ге дейін) бар екені анықталды.

Минералдары Мұндағы кентас минералдары - гематит, мартит, магнетит. Бейкентас минералдары - кварц, серицит, хлориттер, кальцит, гипс. Минералдық құрамына қарай Қарсақбай темір кендері тобының кентасы кварцты-гематитті (басқалардан басымы), кварцты гематитті-мартитті, мартитті болып келеді.

Құрамы Кентастағы темірдің орташа мөлшері 34-37%.

Қоспалары: кремний тотығы (21-46%); күкірт (0,05-1,5%); фосфор (0,1-0,3%). Кентасты байытудан алынған концентраттардағы темір мөлшері 54-60%.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Қарағанды облысы кен орындары