Дене салмағының индексі, ДСИ () — адамның салмағы мен бойының сәйкестік дәрежесін анықтауға көмектесетін шама. Бұл индекс дене массасының жеткіліксіз, қалыпты немесе артық екендігін бағалайды. Емделуге қажеттілікті анықтайтын маңызды көрсеткіш болып табылады. Дене салмағының индексі келесі формула бойынша анықталады: , мұндағы: m — дене массасы, килограмм h — дене бойы, метр және кг/м² бойынша өлшенеді.

Мысалы, адам массасы = 85 кг, бойы = 164 см. Яғни, бұл жағдайда дене массасының индексі:

ДМИ = 85 : (1,64x1,64) = 31,6

Дене массасының көрсеткіші бельгиялық социолог, әрі статистик Адольф Кетеле тарапынан 1869 жылы дамытылған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының берген кеңестеріне сәйкес ДМИ көрсеткіштерінің келесідей интерпритациясы келтіріледі WHO :: Global Database on Body Mass Index:

Дене салмағының индексіАдамның массасы мен бойының сәйкестігі16 және одан кемМассаның айқын дефициті16 — 18,5Дене массасының жеткіліксіздігі18,5 — 25Қалыпты25 — 30Дене массасының артықтығы30 — 35Бірінші дәрежелі семіздік35 — 40Екінші дәрежелі семіздік40 және одан көбірекҮшінші дәрежелі семіздік

Дереккөздер

Санат:Физиология