ШОҢҒАЛ – өзен арнасының қатты тау жыныстары ашылып жатқан немесе дөңбек тастар үйіліп қалған бөлігі. Ондай жерлерде өзен суы тастан тасқа шапшып, буырқанып ағады. Шоңғал әсіресе тау өзендеріне тән. Жазықтарда ежелгі платформаның кристалдық іргетасын құрайтын тау жыныстары ашылып жатқан немесе магмалық тау жыныстары таралған жерлерде кездеседі.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Шоңғал · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.