Қайрат Нұртас (25 ақпан 1989 жылы Түркістан облысы Түркістан қаласында дүниеге келген) — Қазақстанның эстрадалық әншісі. Бүгінгі таңдағы қазақ тілінде ән айтатын жас әншілердің ішіндегі ең танымалы. Тыңдармандар мен әріптестерінің арасында көптеген табынушылары бар.
Өмірбаяны Қоңырат тайпасының Жауғашты тарауынан шыққан.
1989 жылы Айдарбеков Қайрат Нұртасұлы 1989 жылы 25-ақпанда Түркістан облысы Түркістан қаласында дүниеге келген.
1996 жылы Алматы қаласындағы Мұқағали Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназиясында алғаш қолына қалам алады.
1997 жылы: "Махаббат мұңы" әнімен алғаш 8 жасында экранға шықты.
2005 жылы Эстрада цирк колледжінің студенті атанды.
2006 жылы "Шаншар" әзіл-ысқақ театрында "Әке" әнін орындады. Сол жылы "Арман" әні жазылды.
2007 жылы: Қайрат елге белгілі әндері "Тәтті сезім", "Еркетай қарындасым", "Жаралдың кім үшін", "Аллаға шүкір", "Көз жасың көмектеспейді" сияқты тағы да басқа әндерін тыңдарманға ұсынды.
2008 жылы 25 ақпанда Алматы қаласы Республика сарайында "Тәтті сезім" атты алғашқы шығармашылық ән кешін берді.
2009-2010 жылы белгілі хит әндер мен бейнебаяндар жарық көрді. Осы уақытта тек Қазақстанда емес, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан және т.б. елдерде аты мәлім болып, бірнеше шығармашылық кештерін өткізді.
2010 жыл: "Ауырмайды жүрек" әні жазылды. 2011 жылы Қазақстан ұлттық арнасы ұйымдастырған "Екі жұлдыз" байқауына қатысты.
2012 жылы 25 ақпанда "KN" журналының тұсауы кесілді.
2013 жылы Баян Есентаева продюсерлік еткен "Саз әлемі" байқауына "Ауырмайды жүрек", "Мейлі" әндерімен қатысып, "Атмарозыг", "Жыл әншісі" және "Жыл әні" атағын жеңіп алады.
9 сәуірде "Өкініш" фильмінің премьерасы өтті.
2014 жылы «Муззон» ЕМА-2014 премиясында «Жылдың үздік әншісі» атанды Алматы және Астана қалаларында Қазақстанда бұрын соңды болмаған 3D шоу концертін берді.
2015 жылы Ұлттық аспаптар оркестірімен жанды дауыста «Қызыл гүлім-ай» кешіне қатысты. Тұңғыш рет Астана қаласында өткен «МузТВ» арнасының арнайы «Гравитация» премиясында халықтың дауыс беру нәтижесінде Қазақстанның үздік әншісі атанды.
2013-2019 жылдар 2013 жылғы 9 сәуірде Қайрат Нұртастың өмірі туралы «Өкініш» мелодрамасының премьерасы Алматыда өтті. Фильм 46 көшірмемен шықты — бұл қазақстандық фильмдер үшін рекордтық тираж болып саналады.
2013 жылғы 31 тамызда Алматыдағы «Прайм Плаза» сауда орталығындағы тегін концерт тәртіпсіздікпен аяқталды: әнші сахнаға шыққанда көрермендер қауіпсіздік қоршауын бұзып өтті, сондықтан Нұртас өнерін тоқтатты. Шамамен екі мың көрермендің 165-і ұсталды, ал алаңның қауіпсіздік талаптарына сай келмегендіктен сауда орталығының басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Үш аптадан кейін Нұртас Алматы әкімі Ахметжан Есімовпен кездесіп, болған жағдай үшін кешірім сұрады.
2013 жылдың қорытындысы бойынша Forbes Kazakhstan мен MuzZone телеарнасының нұсқасы бойынша қазақстандық шоу-бизнестің ең сұранысқа ие жұлдыздары рейтингінде бірінші орынға шықты. 2014 жылы Forbes Kazakhstan-ның «Қазақстан шоу-бизнесі мен спортының ТОП-25» рейтингінде екінші орын алды.
2015 жылғы 3 шілдеде «Нұр Отан» партиясына мүше болды.
2019 жылы Шымкент қаласының құрметті азаматы атанды.
Бизнес Auz-T жылдам тамақтану желісі: 2020 жылы Шымкентте филиалдары ашылды; Бішкектегі жаңа форматтағы фастфуд ашылуына қатысты. Kairat Nurtas брендті киім дүкендері желісі. My Universe хош иісі: 2020 жылғы қаңтарда шықты. KN Vocal — вокал мен хореография мектебі (2019).
Жеке өмірі Әкесі — Нұртас Айдарбеков, анасы — Гүлзира Айдарбекова.
Шығармашылығы Әнші ретінде ең алғаш Байқоңыр сахнасынан он жасында көрінді. Бірінші есеп беру кешін 2008 жылы Алматы қаласында өткізді. Атақты Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов, Ержан Серікбаев сияқты композиторлардың әндерін Қайрат Нұртастың репертуарынан көруге болады. Оның продюсері, әрі демеушісі анасы - Гүлзира Айдарбекова.
Концерттік қызметі Жылы Күні Концерт Қала, алаң 2008 25 ақпан Алғашқы жеке концерт Алматы, Республика сарайы 2013 31 тамыз Сауда орталығындағы тегін концерт; көрермендер арасындағы тәртіпсіздікке байланысты өнер үзілді Алматы, «Прайм Плаза» СО 2015 тамыз «Мен оралам» концерті Семей 2015 27 қазан Концерт Шымкент, «Оңтүстік» цирк 2015 30 қазан «Сен де мен де» концерті Алматы, Республика сарайы 2015 12 желтоқсан Шығармашылығының 10 жылдығына арналған «Мен ғашықпын» мерейтойлық концерті; шамамен 30 мың көрермен. Шақырылған әртістер арасында Тимати, Нюша, «Рефлекс» Астана, «Астана Арена» 2016 күз «Күзгі әуен» концерті — 2016—2017 — Мақпал Жүнісовамен «Армысың әз Наурыз» концерті Алматы, «Алматы Арена» 2020 8 наурыз «Гравитация Хитмэна» концерті Алматы, «Алматы Арена» 2020 сәуір 3D форматындағы онлайн-концерт «Еркелеп елге ән арнай» онлайн 2024 4 мамыр Жеке концерт Ташкент, Өзбекстан Ұлттық кино өнері сарайы 2025 31 қазан Жеке концерт Алматы, Орталық стадион 2026 15 сәуір Жеке концерт Бішкек, Т. Сатылғанов атындағы Ұлттық филармония 2026 24 мамыр Жеке концерт; кештің қонағы Светлана Лобода болды, бірге «Sen meni küt» бірлескен әнін орындады Алматы, «Алматы Арена» 2026 25 қыркүйек Ummon, Rayhon және басқалармен бірге «United Stars 2026» концертіне қатысты Ташкент, Humo Arena 2026 27 қыркүйек Шығармашылығының 20 жылдығына арналған «Сахнада 20 жыл» мерейтойлық концерті Астана, Astana Arena 2026 4 қазан «Сахнада 20 жыл» мерейтойлық концерті Алматы, Орталық стадион 2026 10 қазан «Сахнада 20 жыл» мерейтойлық концерті; БАҚ хабарлауынша, алаңның сыйымдылығы асып кеткендіктен қысылтаяң болып, қылмыстық іс қозғалған Шымкент, Қажымұқан атындағы стадион
Фильмдері 2013 жылы "Өкініш" атты фильмнің премьерасы болды. Фильм, әншінің мелодрамалық өмірін баяндайды. Фильмде Қайрат Нұртас басты рөлді сомдаса, оның туыстары, профессионалды әншілер мен актерлер де фильмнен қалыс қалмады.
Адель (2015)
Арман. Когда ангелы спят (2017)
Той любой ценойКинопоиск сайты (2018)
АйналарКинопоиск сайты (2019)
Дискография Студиялық альбомдар Жылы Атауы 2009 «Кешегі» 2010 «Өкініш» 2011 «Ауырмайды жүрек» 2012 «Шыда жүрек»
Жинақтар Apple Music деректері бойынша, «Үздік әндер» жинағының он бір томы шықты. Том Атауы Шыққан күні 1 «Үздік әндер» (1-том) 14.10.2020 2 «Үздік әндер» (2-том) 16.10.2020 3 «Үздік әндер» (3-том) 16.10.2020 4 «Үздік әндер» (4-том) 11.10.2020 5 «Үздік әндер» (5-том) 01.12.2020 6 «Үздік әндер» (6-том) 07.10.2018 7 «Үздік әндер» (7-том) 07.11.2018 8 «Үздік әндер» (8-том) 10.07.2018 9 «Үздік әндер» (9-том) 08.08.2018 10 «Үздік әндер» (10-том) 10.10.2018 11 «Үздік әндер» (11-том) (Сырым Исабаевтың қатысуымен) 01.11.2023
Таңдаулы синглдер Жылы Атауы Ескертпе 2006 «Арман» Бауыржан Есебаевтың әні, Нұртас 2006 жылы жазған; цифрлық платформаларда 2020 жылы шықты 2016 «Алматы түні» Нюшамен дуэт 2020 «Аға» Ирина Кайратовнаның «13 шығарылым» альбомындағы ән, Нұртастың қатысуымен (2020 жылғы 30 қазан) 2021 «Жаным» 2023 «Сенде жүрек жоқ» Ернар Айдармен дуэт нұсқасы (премьерасы 2023 жылғы 10 қаңтар; әннің алғашқы нұсқасы 2016 жылы шыққан) 2024 «Tun» Ирина Кайратовна және Jamal & Ganja-мен бірлескен сингл (2024 жылғы 12 шілде) 2025 «Kaidasyn» НАZИМА-мен дуэт 2026 «Sen meni küt» Светлана Лободамен дуэт
Марапаттары мен жүлделері Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» жастар мемлекеттік сыйлығы («Эстрада» номинациясы, 2016). «Ұлттық Ұлан қызметінің үздігі» I дәрежелі омырау белгісі (2017). Еуразиялық музыкалық сыйлық (ЕМА): 2013 жылы «Үздік орындаушы» номинациясына ұсынылды, жеңімпаз Әли Оқапов болды; 2014 жылы сол номинацияда жеңімпаз атанды. Шымкент қаласының құрметті азаматы (2019).
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:Түркістанда туғандар Санат:Құрмет орденінің (Қазақстан) иегерлері Санат:Аманат партиясының мүшелері Санат:Дарын мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Шымкенттің құрметті азаматтары Санат:YouTube күміс батырма иелері Санат:YouTube алтын батырма иелері