Шарғы салу (салт-дәстүр) – ұзатылған қыз өзіне таяу сіңлісіне басына тартатын орамалын береді. Бұл «ендігі кезек сенікі, бақытыңды тап» деген сөз. Мұны біздің ана тілімізде «шарғы салу» - деп атайды. «Шарғы» салынған қызға женгелері, замандастары бас қосып келіп, жақсы тілек білдіріп шай ішеді.Шарғы салынған қызға жеңгелері, апалары, жезделері, құрдастары бірге қосылып, шашын тартып, аяқ бөлігінің санын инемен шаншып, ол белгі аяғыңды тіктеп жүр, тайма деген сөз. Жақсы тілектер айтылып, қызды он рет сол жағымен айналдырып, одан кейін он рет оң жағымен айналдырып, шәй ішіп құттықтасады. Қазақ халқының ұлттық киімдері: Дәстүрлер/ құраст.Хинаят Б., Сужикова А. – Алматы: «Алматыкітап», 2007. ISBN 9965-24-811-7 Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Шарғы салу · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.