Уран слюдалары (ағылшынша uranites, autunites; неміс. Uranglimmer; француз. micas d'uranium;) - сулы фосфаттар, арсенаттар, вандаттар класына жататын уран минералдарынынң тобы. Уран слюдалары — U мен екі валентті металдардың қос тұздары. Бұлардың кристалдық құрылымы қабыршақтана біткен, жымдастығы слюда тәрізді бір бағытта, мүлтіксіз; сондықтан да «уран слюдасы» деп аталған. Бұл топқа жататын минералдар қасиеттері мен жаралу жағдайларының бір-біріне жақындығымен сипатталады. Уран слюдасының кристалдық құрылымдарының негізі [UO2 (XO4)] — түріндегі жиырылмалы тетрагондық тор, мұндағы X=V, As,P.
Түстері: ашық сары, сарғыш, ашық жасыл, жылтырлығы шынадай. Жұқа жапырақшалары мөлдір, қалың жапырақтары күңгірт болады. Тығыздығы 3000-6230 кг/м³, радиактивтілігі күшті. Гидротермальдық жәнее шөгінді кендердің тотығу зоналарында тараған.
Басты минералдары: трергерит, торбенит, цейнерит, метаторбернит, метацейнерит, ураноцирцит, фосфуранилит, карнотит, сенгеиерит. Мол шоғырларынан уран, радий, кейде ванадий өндіріледі. Қазақ Энциклопедиясы: Алматы. Дереккөздер