Мансұрата – Қазығұрт тауларының батысындағы тау.

Географиялық орны Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Ескі Шанақ ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 12 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі - 592 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 3 км-ге созылған, енді жері 2 км.

Жер бедері, өсімдігі Көлбеу беткейлері нашар тілімденген. Төбелі-жонды келген тау өңірінің сұр, құмдақты қоңыр топырағында бұта аралас жантақ, жусан, қияқ, қоңырбас т.б. қуаң далаға тән өсімдіктер өскен. Солтүстіктен көктемде 10-15 күндей ағыны болатын Ұзынсай өзені ағып өтеді.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Қазығұрт ауданы таулары