thumb|left|200px|Алтай қызғалдағы Алтай қызғалдағы () – лалагүлдер тұқымдасының қызғалдақ туысының биологиялық түрі.
Таралуы Алтайда, Қытайдың солтүстік-батысында кең таралған. Шоқырлардың тасты беткейлері мен далалы жерлерінде өседі.
Қазақстанда Зайсан, Алтай, Тарбағайдың флористикалық аудандарында кездеседі.
Сипаттамасы Биіктігі 10-35 см ,пиязшығы жұмыртқа тәрізді,жуандығы 1-2 см,қоңыр,ішкі жағы түкті жұқа қабықты.
Сабағының жоғарғы жағы түкті,жапырақ саны - 3-4,әдетте қайырылған,алшақ орналасқан,жалаңаш немесе шамалы түкті,кірпікшелі,гүлден аспайды,төменгі жапырағы таспа тәрізді немесе сопақша,ені 1-4 см.
Гүлі біреу;гүл серігі сарғыш немесе сары, ұзындығы 2,5-5 см,үшкір,жасыл,қызғылт немесе күлгін,сопақша, ішкілері кері сопақша;аталықтары гүл серігінен 2-2,5 есе қысқа,жіптері жалаңаш,сары,тозаңдықтары сары,жіптерінен 1,5-2 ұзын,түйіні аталықтан шамалы қысқа,аналық ауызы орнықты дерлік ,қорапшасының ені 1,5-2 ұзындығы 2-4 см.
Сәуір - мамыр айларында гүлдейді"Қазақстан қызғалдақтары" Алматыкітап баспасы - 2010.
Дереккөздер
Санат:Қызғалдақтар Санат:Лалагүлдер