Мичиган () — АҚШ-тың солтүстік-шығыс бөлігіндегі орналасқан штаты. Жер ауданы бойынша елде 11-орында — 250 493 км². Халық саны бойынша 8-орында - 9 895 622 адам (2013). Әкімшілік орталығы — Лансинг қаласы, ең үлкен қаласы — Детройт. Басқа ірі қалалары — Грэнд-Рэпидс, Уоррен, Флинт, Стерлинг-Хайтс, Энн Арбор, Уэйн.Мичиган — негізгі курорттары, аралдары, қалалары, мұражайлары

Географиясы Штаттың аумағының 41%-ы су бетіне тиесілі. Штаттың айналасында Ұлы көлдердің 4-і орналасқан — Жоғарғы, Мичиган, Гурон және Эри.

Елдің 6 штатымен шектеседі: солтүстігінде — Жоғарғы және Гурон көлдері арқылы канадалық Онтарио провинциясымен, шығысында — Мичиган көлі арқылы Иллинойс және Висконсин, оңтүстігінде — Огайо және Индиана штаттарымен.

Этностық құрамы Ақтар — 78,9 % Афроамерикандықтар — 14,2 % Үндістер — 0,6 % Азиялықтар — 2,4 % Басқалары — 1,5 %

Экономикасы Штатта ішінде орналасқан Детройт қаласы әлемге АҚШ-тың автомобиль өндіру орталығы ретінде танымал. Пайдалы қазбаларға бай штат. Штатта мұнай, темір, табиғи газ, торф өндіріледі.Мичиган штатының экономикасы 2010 жылы Экономикалық анализ бюросының бағасы бойынша штаттың жиынтық ішкі өнімі $384,1 миллиард болған.

Галерея

Бауырлас аймақтары Сига Префектурасы, Жапония Сычуань, Қытай

Дереккөздер

Санат:АҚШ штаттары