Тау хрусталы Химиялық құрамы Тау хрусталы- төмен температуралы кварцтың химиялық құрамы жағынан таза, түссіз, мөлдір, кейде солғын, сарғылт түсті түрі. Гексанол призма кейіптес друзалар, үлкен жеке кристалдар құрайды, кейде салмағы бірнеше тоннаға жететін масса түрінде де болады. Орта және төмен температуралы гидротермальдық процестерден жаралады. Тау хрусталы кварцты, дала шпатты, кварцты- карбонатты желілермен гранит пегматиттерінің қуыстарынан орын алады. Электротехника мен радиотехникада кеңінен қолданылады. Сарыарқа өңірінен табылды. Жоғары сапалы Тау хрусталы синтетикалық жолмен де алынады. Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы қаласы,1977 ж. 10-том, Самал Жел-Тегене. 598-бет Дереккөздер