Шатырша қысшылшөп () – көкбұта тұқымдасы, қысшылшөп туысына жататын көп жылдық гүлді өсімдік.
Ботаникалық сипаты thumb|left|180px Биіктігі 8-20 см. Тармақталған жер асты тамыр сабағы жатаған. Жерүсті өскіндері көтеріңкі, төменгі бөлігі бұтақталған. Жоғарғы бөлігін гүлсағағымен бірге ұсақ безді емізікше жапқан. Өткір ара тісті мәңгі жасыл жапырақтары қалың, қар астында қыстап қалады, беті тегіс, үстіңгі жағы күңгірт жасыл, астыңғы жағы ашық жасыл, ұзынша келген сына тәрізді. Жапырақ тақтасының ұзындығы 1,5-6 см, ені 0,1-1,5 см, тақтасынан 5-10 есе кіші қысқа сағағы болады. Сабақ ұшында орналасқан гүлсағаққа бекіген шатырша гүлшоғырындағы 2-8 гүлі (сирек 12) төмен қарай иіліп тұрады. Гүлсағағының ұзындығы 0,6-2,5 см (жеміс салған кезінде ұзындығы 3,5 см-ге дейін жетеді). Гүлжапырағы таспа тәрізді, гүлсағағының орта тұсында орналасады. Тостағаншасы жалпақ жұмыртқа тәрізді, жиегі тісшелі. Гүлі қызғылт түсті, кең ашылған, диаметрі 8-12 (15) мм, күлтесі де жұмыртқа тәрізді, иіліген, жиегі қысқа түкті. Жемісі - қысқа түкті шар тәрізді қауашақ. Маусым-шілде айларында гүлдеп, шілде-тамызда жеміс береді.
Өсетін ортасы мен таралуы Солтүстік жарты шардың қоңыржай климатындағы қарағайлы-қайыңды ормандарда өседі. Қазақстанда Тобыл-Есіл жазығында, Ертіс өзені бойында, Көкшетау қыратында кездеседі.
Емдік қасиеті Шатырша қысшылшөптің құрамында флавоноидтар, органикалық қышқылдар бар. Емдік шөп ретінде нефрит, цистит, несеп жолдарына тас байлануына, соз, буын ауруларына, ревматизмге, қан тоқтатуға, т.б. ауруларға қолданылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Тағы қараңыз Дәрілік өсімдіктер
Дереккөздер
Санат:Көкбұталар Санат:Дәрілік өсімдіктер Санат:Қазақстан флорасы