Отбасы және Неке психологиясы — психологиядағы неке және отбасы проблемаларын зерттейтін пәнаралық бағыт. Отбасы — некелесуден, туыстық байланыстардан тұратын шағын топтар, жеке өмірді ұйымдастырудың маңызды формасы және әлеуметтік қоғамдастық түрі. Отбасы тәрбиесі ұлттық тәрбиенің негізі болып табылады. Отбасылық екіжақты жанжалдар — күйеуі мен әйелі де қатысатын отбасылық жанжалдар. Неке мен отбасын психологиялық зерттеулердегі мәселелер некенің сапасына ықпалы бар факторларды зерделеу; отбасының даму циклі отбасының рөлдік құрылымы биліктің отбасы мүшелерінің арасында бөлінуі ерлі-зайыптылардың арасындағы қарым- қатынас некелік жұбын таңдаудың детерминанттары ата-аналар мен олардың балаларының психологиялық ерекшеліктері және т.б Отбасы мен неке психологиясы жинақтаған мәліметтер отбасына көмектесуге бағытталған әр алуан әлеуметтік және психологиялық бағдарламалар мен ұсыныстар қалыптастыру үшін негіз болып табылады. Психология: Энциклопедиялық сөздік./ Бас ред. Б. Ө. Жақып — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011 ISBN 9965-893-71-3 Дереккөздер
Санат:Психология