Қайыпназаров Байнияз (25. 08. 1916 жылы туған, қазіргі Қарақалпақ ACCP-i, Шымбай ауд.) — Қарақалпақ совет ақыны, 1953 жылдан КОКП мүшесi.
Өмір жолы 1932-1946 жылы ауылдық мектептерде мұғалім, оқу iciнің меңгерушiсi, директор болып iстедi. 1946-1967 жылдары Қарақалпақстан Жазушылар одағында, баспа орындарында iстедi. 1967 жылдан «Қарақалпақстан» баспасының көркем әдебиет бөлiмiнде редактор. Шығармалары 1935 жылдан бері жариялана бастаған. Тұңғыш өлеңдер жинағы 1940 жылы жарық көрді. Ол - «Халыққа қызмет қыламын» (1947), «Алтын күз» (1950), «Қуаныш жыры» (1952), «Бозжап бойында» (1955) атты өлеңдер жинақтарының авторы. А. С. Пушкин, Т. Г. Шевченко т. б. ақындардың шығармаларын қарақалпақ тiлiне аударды. Қайыпназаров шығармалары орыс, өзбек, қазақ тiлдерiнде де жарық көрді.Қазақ Совет Энциклопедиясы.1975. Том 6Mámbetniyazov T., Bekbergenova Z., Mámbetniyazova Z. "Ádebiyat". Nókis, "Билим", 2019, 304 бет. ISBN 978-9943-445-1-2-3 қарақалпақша
Соғыс жылдарында Жүрегінде жауға қаһары бар миллиондаған жауынгердің бірі қатардағы жауынгер Байнияз Қайыпназаров болды. 1941 жылы соғыс бастала салысымен Байнияз соғысқа аттанады. Соғыстың қиын күндерінде Сталинград майданында Колючкин ауданын азат ету шайқасында ауыр жараланып, госпитальда емделіп, жарасы жазылып, қайтадан соғысқа аттанады. Бұл жолы Байнияз миллиондаған батырлардың арасында жүріп, көптеген басқалармен бірге халық жауы болған фашистік басқыншыларды туған жерімізден қуып, жермен-жексен етеді. Берлинге қарай шайқастардың бірінде қайтадан ауыр жараланады. Ауыр жарақаттан кейін соғысқа жарамсыз болғандықтан, комиссияның соңғы шешімімен 1944 жылы соғыстан оралды.
Отбасы Анасы: Гүлжәмила
Өмірлік жолдасы: Асанова Бибижан (1926 жыл, 5 июль - 2008 жыл, 20 сентябрь)
Перзенттері: Сәулехан Ұлзада Зира Мақсет Нұрзада (1960 не 1961 жылы қайтыс болған) Гүлшат Рано Жанна
Ақын 2001 жылы 21 қаңтарда дүниеден өтті. Денесі Нөкіс қаласындағы "Сәлмен ата" қойымшылығына қойылды. Өмірлік жолдасы Бибижан Асанова 2008 жылы 20 қыркүйекте дүниеден қайтты һәм ақынның қасына жерленді.
Шығармашылығы Ақынның алғашқы өлеңдері 30-жылдардын орталарында жарыққа шықты.
Кітаптары
Қарақалпақ тілінде: "Қосықтар" (1940); "Халыққа қызмет қыламын" (1947); "Алтын күз" (1950); "Қуаныш қосықтары" (1950); "Бозжап бойында" (1955); "Көк емен" (1956); "Қызыл гүл" (1958); "Сүй достым" (1962); "Менің Отаным" (1956); "Менің бахтым" (1968); "Екі аяз" (1970); "Наруан" (1972); "Ержан көк" (1974); "Гүлдәсте" (1981); "Мен сенің бир шақаңмын" (1977); "Таңдалмалы шығармалары" (1974, 1981, 1985, 1993, 1996); "Жарлы адам һәм ғарғалар патшасы" (1985) "Таң гүлі" (1995); "Жарлының кенже баласы" (1995); "Мөлдір бұлақ" (1989); Ақынның 100 жылдығы Қарақалпақстан Республикасы көлемінде кең түрде белгіленіп, 2017-жылы "Таңдалмалы шығармалары" басып шығарылды.
Аударма Б. Қайыпназаров туысқан халықтар поэзиясынан Твардовскийдің "Василий Тёркин", Ш. Рашидовтың "Кашмир өлеңі" поэмаларын, сондай-ақ, Лермонтов, Мицкеевич, Ян Райнис, Шевченколардың өлеңдерін аударуға қатысты.
Нама жазылған өлеңдері Гүлнара Мен сенің бір шақаңмын Еңбек ет Сүй еңбекті Бір гүл көрінді де кетті Гүл артында тұрар сүйгенім Көрдің бе Шымбайым Келші, жаным, күлімдеп Мен сазенде, сен бақсы Ана Баһадырлар ерлігі Сұлу қызға Ділбар Көңлімде барсың
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер «Менін Отаным» (1956) кітабын жүктеп алу (қарақалпақша); «Мен сенің бір шакаңмын» (1977) кітабын жүктеп алу (қарақалпақша).
Санат:1916 жылы туғандар Санат:Жазушылар Санат:Қарақалпақ ақындары Санат:Қарақалпақстанда туғандар