Күйікова Дәркүл (15. 05. 1919 жылы туған, қазіргі Ош облысы - 1997) — қырғыз совет актрисасы, КСРО халық артисі (1967). 1944 жылдан КОКП мүшесі. Сахналық жолын 1936 жылы Қырғыздың Балалар мен жасөспірімдер театрынан бастады. 1941 жылдан Қырғыз драма театрының актрисасы. Рольдері:Айғаныш (Жантөшевтің «Құрмабегінде»), Жаңыл (Мәліков пен Құттыбаевтің осы аттас пьесасында ), Кабаниха (А. Островскийдің «Найзағайында») т. б. 1955 жылдан киноға түскен. 8-сайланған Қырғыз Жоғарғы Советінің депутаты. Қырғыз КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1968). Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.Қазақ Совет Энциклопедиясы.1975. Том 6 Дереккөздер

Санат:1919 жылы туғандар Санат:1997 жылы қайтыс болғандар Санат:Қырғызстан актерлері