Жыршы торғай тәрізділер (Оsсіnеs) бұл отряд тармағына, отрядтағы түрлердің 2/3 бөлігі жатады. Дыбысаппараты толық жетілген, 5—7 жұп дыбыс еттері болады. 4000-ға тарта түрі белгілі, олар 5/2 тұқымдасқа бірігеді. Оның кейбір түрлерін ғана қарастырамыз. Бозторрайлар (Аlаudіdае) далада, шөлді жерлерде тіршілік ететін ұсақ құстар. Артқы саусарының тырнағы түзу және ұзын болады. Бұлар ауада ұшып жүріп жырлайды. Насекомдармен, дәндермен қоректенеді. Бозторғайлар өте пайдалы құстар болып есептеледі. Қаратамақтар (Моtасіllіdае) шабындық және далалы жер-лердегі үлкендігі торғайдай болатын ұсақ құстар. Қонып отырғанда үзын құйрығын әрдайым қозғап отырады. Сушылқара (Сіпсlіdае) жәндіктерді және олардың дернәсілдерін іздеп суға жақсы сүңгіп, судың түбімен тез жугіретін ұсақ құстар. Бізде кәдімгі оляпка немесе сушыл қара (Сіnсlus сіnсlus) деген түрі тіршілік етеді. Шымшықтар (Тurdіdае) — дене мөлшері орташа және ұсақ болып келетін орманда және жербетінде тіршілік ететін құстар. Ағаштың басына, қуысына жарлардың қуысына ұялайды. Көпшілігінің әтештері жақсы жырлайды. Бұл тұқымдасқа: әнші (Тuгdus рһіlотеlоs), қара шымшық (Мегulа mегulа), шақшақай (Sахісоlа), бұлбұл (Lusсіпіа) т. б. жатады.

«Омыртқалылар зоологиясы» С. П. Наумов- Алматы «Мектеп» баспасы

Дереккөздер

Санат:Торғайтәрізділер