Ровно облысыУкраина. Автомобиль жолдарының атласы. М 1:500 000. — Киев: Геодезия, картография және кадастр мемлекеттік қызметі. «Картографія» мемлекеттік ғылыми-өндірістік кәсіпорны, 2003.  — ISBN 978-966-475-448-1. (), ауыз. Ровненщина () — Украинаның солтүстік-батысында орналасқан облыс. Батысында Волынь облысымен, солтүстігінде Беларуспен (Брест және Гомель облыстары), шығысында — Житомир облысымен, оңтүстігінде — Украинаның Львов, Тернополь және Хмельницкий облыстарымен шектеседі.

Әкімшілік орталығы әрі ең ірі қаласы — Ровно. Басқа ірі қалалары — Вараш, Дубно, Костополь, Сарны, Здолбунов, Острог, Березно, Радивилов және Дубровица.

1991 жылға дейін облыс Ровен облысы (Украин КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Ровно қаласы мен Ровен облысының атауларын украин емле ережелеріне сәйкестендіру туралы қаулысы. ) деп аталды. Украинаның көптеген дереккөздерінде, соның ішінде ресми құжаттарда да, облыс Ривненская деген атаумен көрсетіледіМемлекеттік билік органдарының сайттарында «Ривне облысы» атауымен көрсетілген, мысалы, Жоғарғы Рада сайтында (Конституцияның 133-бабының аудармасында және сайттың басқа да беттерінде) мен басқаларында, сондай-ақ мемлекеттік ұйымдардың сайттарында..

Тарихы

Облыс жайындығы алғашқы жазба деректері Галицко-Волынский кінәздігі ретінде 1283 жылы жарық көрген болатын. Бұл жазбалар латын тілінде жазылған. Поляк тарихында «Rocznik kapituły krakowskiej» атымен белгілі. XV ғасырдан бері тарих сахнасында орын алған. Бұл мекен ХІV ғасырдың жартысынан Ұлы Литва кінәздігінің бір бөлігі болған. Ұлы княздің және Казимир патшалығының патшасы 4 Ягеллон кезінде, яғни 1492 жылы қала Магдебургтік құқыққа ие болады. 1518-1621 жылдар аралығында Острожстіктер княздігінің құрамына енеді. Ровно 1569 жылы Ұлы Литов Княздігінің құрамынан Польшаға көшеді. Андрусовтік келісімнің нәтижесінде 1667 жылы Ровно қаласы Речь Поспалитаяның қол астында болады. Сол жылы қаланы ауру жайлап, артынша 1691 жылы қалың өрт жаулады. 1706 жылы Орыс – швед соғысы кезінде қаланы Карл 7 әскері басып алды. Қала 1723 жылдан шляхтич Любомирскийдің қарауында болады. Қаланы дамыту Любомир отбасына тапсырылады. Олардың билігі кезінде қала орталық қала дәрежесіне дейін көтеріледі. Бұл отбасы 200 жылғы жуық билік құрады. 1792 жылы олардың сарайына Тадеуш Костюшко келеді.

1793 жылдан бастап қала Ресей империясының қарамағына өтеді. Уездік қала статусын алады. Азамат соғысы кезінде қала қолдан қолға өтумен болды. 1921-1939 жылдары Польшаның құрамында болады. 1939 жылдың қыркүйегінде қала УССР құрамына кіреді. 1941 жылдың 28 шілдесінде вермахтың қолына көшті. Осы жылдың 20 тамызынан 1944 жылдың 2 ақпанына дейінгі аралықта германдық Рейхкомиссариатының астанасы болды.

Мәдениеті

Өнерімен қала жұртшылығын тәнті еткен, қазірде өз жемісін беріп отырған Ровно облыстық музыка-драмалық театр, Ровно филармониясы. Сонымен қатар қалада қуыршақ театры, зоопарк, өлкетану музейі, 2 кинотеатр: кинотеатр «Украина» және 3D кинотеатр «Эра» жұмыс жасайды. Жастар мәдениет үйі облыстағы барлық бүлдіршіндердің екінші үйіне айналған. Мұнда әр түрлі үйірмелер мен секциялар бар.

Табиғаты

Ровно облысы Припять облыс алабында орналасқан. Облыстың оңтүстік бөлігі Волынь қыратының солтүстік шетін, солтүстік жағын полесье ойпаты алып жатыр. Пайдалы қазбалары: шымтезек, әр түрлі құрылыс материалдары, гранит, базальт т.б. Климаты – қоңыржай континенттік. Қаңтар айының орташа температурасы – 3,8 градус, ал шілде температурасы 18,5 градус. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 560-620мм. Өзендері Днепр алабына жатады. Ең ірі өзені – Припять. Жері шым күлгін, батпақты, оңтүстік өңірі сұр күлгін топырақты келеді. Аумағының 34%-і орман және бұталы алқап.

Халқы

Негізгі тұрғындары – украиндар. Олардан басқа орыстар, белорустар тұрады. Орташа тығыздығы 1 шаршы шақырымға 54,3 адамнан келеді. Қала халқы 32%, Ірі қалалары – Ровно, Дубно, Здолбунов, Костополь.

Халық саны

Жылы Халық саны 1858 5054 1897 24573 1939 43000 1959 59598 1970 115541 1979 178956 1989 227925 2001 248813 2007 248229 2012 250174 2013 250333

Шаруашылығы

Ровно облысы оңтүстік-батыс экономикалық құрамына енеді. Өнеркәсібінің басты салалары – жеңіл, тамақ, ағаш өңдеу, құрылыс материалдарын өндіру. Зығыр комбинаты, тігін, трикотаж, жиһаз фабрикалары, үй құрылысы комбинаты, цемент-шифер комбинаты, темір-бидон зауыды, машина жасау, химия кәсіпорындары орналасқан. Облыс электр энергиясын добротвор аймақтық электр станциясынан алады. 1974 жылы егісі 673,8 мың га болды, соның ішінде дәнді дақылдар 281,9 мың га, техникалық дақылдар 75,6 мың га, бақша дақылдары 93,5 мың га, жемшөп 222,8 мың га. Облыстың мал шаруашылығы алға қойылған. 1975 жылғы есеп бойынша облыстағы ірі қара саны 746,1 мыңды құрады, шошқа 508,7 мың, қой мен ешкі 133,6 мың болды.

Темір жолының ұзындығы 579 шақырым. Басты темір дол тармағы Шенетовка – Здолбунов – Ровно – Ковель, Ровно – Здолбунов – Львов. Автомобиль жолының ұзындығы 7,8 мың шақырым. Горынь және Стырь өзендерінде кеме жүзеді. Украина су шаруашылығы инженерлер институты, педагокикалық институт, 16 арнаулы орта оқу орны, муз-драма театры, филармония бар. «Қызыл ту» газеті басылып шығады.Украина районы, М., 1969(серия «Советский союз»)

Дереккөздер

Санат:Ровно облысы Санат:Украина облыстары