Амоксициллин Фармакологиялық тобы Жүйелі қолдануға арналған инфекцияға қарсы препараттар. Жүйелі қолдануға арналған бактерияға қарсы препараттар. Бактерияға қарсы бета-лактамды препараттар, пенициллиндер. Әсер ету ауқымы кең пенициллиндер. Амоксициллин.
Фармакодинамикасы Амоксициллин – бактерицидтік, жартылай синтетикалық пенициллиндер тобының әсер ауқымы кең қышқылға төзімді антибиотигі. Қолданылуы Дәрілік затқа сезімтал микроорганизмдер тудырған инфекциялық-қабыну ауруларын емдеуде: - жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары: соның ішінде жедел ортаңғы отит, жедел бактериялық синусит, жедел стрептококкты тонзиллит және фарингит;
- төменгі тыныс алу жолдарының инфекциялары: созылмалы бронхит өршуі, ауруханадан тыс пневмония;
- несеп шығару жолдарының инфекциялары: жедел цистит, жедел пиелонефрит;
- эндокардит профилактикасы;
- жүктілік кезіндегі симптомсыз бактериурия;
- сүзек және паратиф;
- таралған флегмонамен дентальді абсцесс;
- буындарды протездеуден кейінгі инфекциялық асқынулар;
- Лайм ауруы;
- Helicobacter Pylori эрадикациясы
Оспамокс® сондай-ақ эндокардит профилактикасы үшін көрсетілген.
Бактерияға қарсы дәрілік препараттарды тиісті пайдалануға қатысты ресми ұсынымдарды ескеру қажет.
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- пенициллинге, цефалоспориндер, карбапенемдер немесе монобактамдар сияқты басқа β - лактамды антибиотиктерге аса жоғары сезімталдық;
- препараттың белсенді затына, кез келген басқа қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық.
Қолдану кезінде қажетті сақтандыру шаралары
Аса жоғары сезімталдық реакциялары
Амоксициллин қолданылатын емді бастар алдында пациентте пенициллиндер мен цефалоспориндерге немесе басқа бета-лактамды антибиотиктерге аса жоғары сезімталдық реакцияларының бар-жоғын мұқият зерттеу қажет.
Пенициллинмен емделіп жүрген пациенттерде ауыр, кейде өліммен аяқталатын аса жоғары сезімталдық реакциялары (анафилактоидты және ауыр тері реакцияларын қоса) тіркелген. Бұл реакциялар пенициллинге аса жоғары сезімталдық реакциясы және анамнезінде атопиясы бар пациенттерде жиірек кездеседі. Аллергиялық реакция дамуында амоксициллинмен емді тоқтатып, басқа баламалы емге көшу керек.
Сезімтал емес микроорганизмдер
Қоздырғыш сезімтал ретінде құжаттармен расталған немесе сезімтал ретінде белгілі болған немесе қоздырғыштың амоксициллинмен емдеуге сезімталдықтың жоғары ықтималдығы болған жағдайларды қоспағанда амоксициллин инфекциялардың кейбір түрлерін емдеуге жарамайды. Мұны несеп шығару жолдарының инфекцияларын, құлақтың, мұрынның және тамақтың ауыр инфекцияларын емдеуде ескеру қажет.
Құрысулар
Құрысулар амоксициллиннің жоғары дозаларын қабылдау кезінде бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде немесе қауіп факторлары бар пациенттерде көрініс беруі (мысалы, анамнезде құрысулардың болуы, эпилепсия немесе ми қабықтарының қабынуы) мүмкін.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны бұзылу дәрежесіне сәйкес түзету керек.
Тері реакциялары
Емдеудің басында пустулезді бөртулермен және қызбамен жайылған эритеманың білінуі жедел жайылған экзантематозды пустулездің (ЖЖЭП) даму симптомы болуы мүмкін. Осы реакция дамуында амоксициллин қолдануды тоқтатып, оны келешекте пайдаланбау қажет.
Инфекциялық мононуклеозға күдік туындағанда амоксициллинді қолданбау қажет, өйткені қызылша тәрізді бөртпе білінуі (амоксициллинге) мүмкін.
Яриш-Герксгеймер реакциясы
Яриш-Герксгеймер реакциясы Лайм ауруын амоксициллинмен емдегеннен кейін байқалды. Бұл амоксициллиннің Лайм ауруының қоздырғышына, Borrelia burgdorferi спирохетіне бактерицидтік әсерінің тікелей салдары болып табылады. Пациенттер оның Лайм ауруын антибиотиктермен емдеудің кең таралған және әдетте өзі басылатын зардабы екенінен хабарлануы тиіс.
Сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс өсуі
Амоксициллинді ұзақ уақыт қолдану кейде сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс өсуіне әкелуі мүмкін.
Антибиотикпен астасқан колит дамуы, амоксициллинді қоса, кез келген антибиотиктерге тән және айқындылық дәрежесі бойынша орташадан өмірге қатерліге дейін ауытқуы мүмкін. Сондықтан, антибиотиктерді қолдану кезінде немесе одан кейін диарея туындағанда осы диагнозды ескеру маңызды. Антибиотикпен астасқан колит туындағанда амоксициллин қолдануды дереу тоқтату керек. Дәрігер кеңесінен кейін тиісті ем тағайындалуы тиіс. Аталған жағдайда перистальтиканы төмендететін препараттар қарсы көрсетілімді.
Ұзаққа созылатын ем
Ұзаққа созылатын емде ағзалар жүйесінің, соның ішінде бүйрек, бауыр функциясын және қан түзу функциясын жүйелі бағалау ұсынылады. Бауыр ферменттерінің деңгейі жоғарылаған және қан көрсеткіштері өзгерген жағдайлары тіркелген.
Антикоагулянттар
Сирек жағдайларда амоксициллин қабылдайтын пациенттерде протромбин уақытының ұзаруы хабарланды. Антикоагулянттар бір мезгілде тағайындалғанда тиісінше мониторинг жүргізген жөн. Қажетті антикоагуляция деңгейін сақтап тұру үшін пероральді антикоагулянттар дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Кристаллурия
Амоксициллиннің жоғары дозалары қолданылғанда амоксициллиндік кристаллурия мүмкіндігін азайта түсу үшін талапқа сай сұйықтық ішуді және несеп шығаруды қадағалау ұсынылады. Қуық катетері қойылған пациенттерде бұл жағдайда катетер өткізгішін жүйелі бақылап отыру қажет.
Диагностикалық тестілер
Сарысу мен несептегі амоксициллиннің жоғары деңгейі белгілі бір зертханалық тестілерге ықпал етуі мүмкін. Көбіне химиялық әдістер қолданылғанда нәтижелері несепте амоксициллин концентрациясының жоғары болуы себепті жалған болып табылады.
Амоксициллин қолданылатын ем кезінде несепте глюкозаның бар-жоғына талдау жасалғанда глюкозооксидазаның ферменттік әдістерін пайдалану керек. Қандағы амоксициллин мөлшері жүкті әйелдерде эстрадиолды талдау нәтижелерінің бұрмалануына әкелуі мүмкін.
Педиатрия
Дене салмағы 40 кг төмен балаларға Оспамокс® препаратын ішуге арналған суспензия түрінде тағайындауға болады.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Келесі препараттармен бірге пайдалану ұсынылмайды
Пробенецид
Пробенецидпен бір мезгілде ұсынылмайды, өйткені амоксициллиннің экскрециясы төмендеуі мүмкін. Пробенецид амоксициллиннің бүйрек өзекшелік секрециясын азайтады. Оспамокс® препаратымен бірге пайдалану қандағы амоксициллин деңгейлерінің жоғарылауына әкелуі мүмкін.
Аллопуринол
Амоксициллинмен емделу кезінде бір мезгілде аллопуринол енгізу аллергиялық тері реакциялары ықтималдығын арттыра алады.
Тетрациклиндер
Тетрациклиндер және басқа бактериостатикалық антибиотиктер амоксициллиннің бактерицидті әсеріне ықпал етуі мүмкін.
Дигоксин
Амоксициллинмен бір мезгілде қолданғанда дигоксиннің сіңуі артуы мүмкін. Дигоксин дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Пероральді антикоагулянттар
Пероральді антикоагулянттар және пенициллин тобының антибиотиктері өзара әрекеттесу хабарламаларынсыз тәжірибеде кеңінен пайдаланылады. Алайда, әдеби көздерде амоксициллинмен бірге аценокумарол немесе варфарин қабылдаған пациенттерде халықаралық қалыптасқан қатынастың артуы аталған. Егер препараттарды бір мезгілде қабылдау қажет болса, амоксициллин тағайындау және тоқтату кезінде протромбин уақытын немесе халықаралық қалыптасқан қатынасты мұқият бақылап отыру керек. Оның үстіне, пероральді антикоагулянттар дозалануын өзгерту қажет болуы мүмкін.
Метотрексат
Метотрексат (обыр мен ауыр псориазды емдеу үшін қолданылады). Пенициллиндермен бір мезгілде қолдану жағымсыз реакциялар дамуының потенциалды жоғарылауын туындата отырып, метотрексаттың экскрециясын төмендетуі мүмкін. Пенициллиндер метотрексат шығарылуын азайтады, бұл уыттылығының ықтималды артуын туындатады.
Арнайы ескертулер
Жүктілік
Жүктілік кезінде, болжанатын пайдасы емдеумен байланысты ықтималды қауіптен асып түссе, амоксициллинді қолдануға болады.
Лактация кезеңі
Амоксициллин ықтималды сенсибилизация даму қаупімен аздаған мөлшерлерде емшек сүтіне өтеді.
Салдары ретінде, емшектегі балада диарея және шырышты қабықтың зеңдік инфекциясы туындауы мүмкін. Сондықтан емшек емізуді тоқтата тұру керек.
Амоксициллинді бала емізу кезінде емдеуші дәрігер пайда/қаупін бағалағаннан кейін ғана қолдануға болады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Зерттеулер жүргізілмеген. Алайда көлік құралын немесе басқа аса қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпалын тигізуі мүмкін жағымсыз әсерлерді (аллергиялық реакциялар, бас айналу, құрысулар) байқауға болады.
Қолдану бойынша ұсынымдар
Дозалау режимі
Белгілі бір инфекцияны емдеу үшін таңдалған амоксициллин дозасы ескерілуі тиіс:
- ықтимал патогендер және олардың бактерияға қарсы препараттарға күтілетін сезімталдығы
- инфекцияның ауырлық деңгейі және шоғырлануы
- пациенттің жасы, дене салмағы және бүйрек функциясының жағдайы.
Емнің ұзақтығы инфекция түрімен және пациенттің реакциясымен анықталуы тиіс және әдетте мүмкіндігінше қысқа болуы тиіс. Кейбір инфекциялар едәуір ұзақ емдеуді қажет етеді.
Ересектер және жасөспірім кезеңдегі балалар (дене салмағы 40 кг-ден көп) Көрсетілімдер*Доза*Жедел бактериялық синусит250 мг-ден 500 мг дейін әр 8 сағат сайын немесе 750 мг-ден 1 г дейін әр 12 сағат сайын Жүктілік кезіндегі симптомсыз бактериурияЖедел пиелонефритАуыр инфекцияларда 750 мг-ден 1 г дейін әр 8 сағат сайынТаралған флегмонамен дентальді абсцессЖедел циститЖедел цистит бір күн ішінде екі рет 3 г емдеуге боладыЖедел ортаңғы отит
Жедел стрептококкты тонзиллит және фарингит
Созылмалы бронхиттің өршуі500 мг әр 8 сағат сайын
немесе 750 мг-ден 1 г дейін
әр 12 сағат сайын
Ауыр инфекцияларда 750 мг-ден 1 г дейін әр 8 сағат сайын 10 күн бойыАуруханадан тыс пневмония500 мг-ден 1 г дейін әр 8 сағат сайынСүзек және паратиф500 мг-ден 2 г дейін әр 8 сағат сайынПротезделген буындар инфекциясы500 мг-ден 1 г дейін әр 8 сағат сайынЭндокардит профилактикасы2 г пероральді, емшараға дейін 30-60 минут бұрын бір ретHelicobacter рylori эрадикациясы750 мг-ден 1 г дейін тәулігіне екі рет протон сорғысы тежегішімен (мысалы, омепразол, лансопразол) және басқа антибиотиктермен (мысалы, кларитромицин, метронидазол) біріктіріп 7 тәулік бойыЛайм ауруыЕрте сатыларда: 500 мг-ден 1 г дейін әр 8 сағат сайын ең жоғары доза тәулігіне 4 г дейін 14 күн бойы (10-ден 21 күнге дейін).
Кешеуілді сатыларда (жүйелі зақымдану): 500 мг-ден 2 г дейін әр 8 сағат сайын ең жоғары доза тәулігіне 6 г дейін 10-30 күн бойы.* - әр көрсетілім үшін тиісті емдеу жөніндегі ресми нұсқаулар ескерілу керек. Балалар (дене салмағы 40 кг-ден аз)
Балаларға амоксициллинді сондай-ақ балаларға қолайлы басқа шығарылу түрлерінде тағайындауға болады. Көрсетілімдер+Доза+Жедел бактериялық синуситтәулігіне 20 мг/кг-ден 90 мг/кг дейін, қабылдауларға бөлінген*Жедел ортаңғы отитАуруханадан тыс пневмонияЖедел циститЖедел пиелонефритТаралған флегмонамен тіс абсцессіЖедел стрептококкты тонзиллит және фарингиттәулігіне 40 мг/кг-ден 90 мг/кг дейін, қабылдауларға бөлінген*Сүзектік және паратифтік қызбатәулігіне 100 мг/кг, 3 қабылдауға бөлінгенЭндокардит профилактикасытәулігіне пероральді 50 мг/кг, хирургиялық емшара өткізуден 30-60 минут бұрын бір ретЛайм ауруыБастапқы сатыларда: 25 мг/кг-ден 50 мг/кг дейін, 10-нан 21 тәулікке дейінгі аралықта үш қабылдауға бөлінген.
Кешеуілді сатыларда (жүйелі зақымдану): тәулігіне 100 мг/кг, 10-нан 30 тәулікке дейінгі аралықта үш қабылдауға бөлінген.+ - әр көрсетілім үшін тиісті емдеу жөніндегі ресми нұсқаулар ескерілу керек.
* - препараттың тәуліктік дозасын, егер ол ең жоғары ұсынылуына жуық болса, 2 қабылдауға бөлу ұсынылады. Дене салмағы 40 кг-ден көп балаларға ОСПАМОКС® препаратының ересектерге арналған стандартты дозасын тағайындау керек.
Егде жастағы пациенттерге дозаны түзету қажет емес.
Бүйрек функциясының бұзылуы