Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов (15 маусым 1965 жыл, Целиноград) — қазақстандық саясаткер, заңгер, экономист, қаржыгер, банкир. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы (2016—2022), Премьер-министр (2007—2012, 2014—2016), Президент Әкімшілігінің басшысы (2012—2014), Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі (2006).
2022 жылғы 6 қаңтарда «мемлекетке опасыздық жасау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу изоляторына қамауға алынды. 2023 жылы 24 сәуірде Мәсімов 18 жылға бас бостандығынан айырылды.
Өмірбаяны Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов - 15 маусым 1965 жылы Қазақстанның Целиноград қаласында дүниеге келген. Әкесі - Қажымқан Қасымұлы Мәсімов Масимов Карим Кажимканович (персональная справка). Анасы - Элеонора (Ажибекова) Кәрімқызы Масімова Мама премьера Казахстана К. Масимова до сих пор работает экскурсоводом в Железнодорожном музее .
Білімі 1982 жылы Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебін үздік бітірді. 1985 жылы Мәскеу қаласындағы П. Лумумба атындағы Халықтар Достығы университетінде араб филологиясы бойынша білім алды. 1988 жылы Пекиндегі Тіл білімі институтында оқыған. 1991 жылы Қытайдағы Ухань заң университетін, 1995 жылы Қазақ мемлекеттік Басқару академиясын бітірген. 1999 жылы Колумбия университетінде (Нью-Йорк) топ-менеджерлер даярлау бағдарламасынан өткен. Орыс, қазақ, Ағылшын, қытай, араб тілдерін меңгерген.
Қызмет жолы Мәсімов еңбек жолын 1991 жылы Қытай Халық Республикасындағы КСРО Сауда өкілдігінің құқықтық мәселелер бойынша кеңесшісі болып бастаған.
1991 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек министрлігінде сыртқы экономикалық байланыс бөлімінің бастығы, бас экономист, 1992 жылы «Қазақпригранторг» фирмасының басшысы, Үрімші (Қытай) қаласындағы «Қазақинторг» өкілдігінде жетекші маман, директор орынбасары, 1993 жылы «Акцепт» ЖШС басшысының ішкі экономикалық мәселелер жөніндегі директор орынбасары болып жұмыс істеді.
1994 жылы Гонконг қаласындағы Қазақ сауда үйінің басқарушы директоры болды.
1995 жылы «Алматы сауда қаржы банкі» ЖАҚ Басқармасының бастығы болып, 1996 жылдың қыркүйек айынан «Тұран Әлем Банк» Басқармасы бастығының міндетін орындады.
1997 жылдың тамыз айынан бастап — «Қазақстан Халық жинақ банкі» ААҚ Басқарма бастығының бірінші орынбасары, қыркүйек айынан бастап бастығы.
2000 жылғы тамыз айынан бастап Көлік және коммуникация министрі, 2001 жылғы қарашадан бастап Премьер-Министрдің орынбасары болды.
2003–2006 жылдары ол Президенттің көмекшісі, 2006–2007 жылдары Премьер-Министрдің орынбасары қызметтерін атқарған.
2007 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан премьер-министрі болып тағайындалды.Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X 2011 жылдың 2 қарашасында Кәрім Мәсімов "Қазақша Уикипедиа" жобасын өз қамқорлығына алатынын хабарлады.Wikibilim project obtained PM’s support
2012 жылдың 24 қыркүйек күні Кәрім Мәсімов Үкімет басшысы ретінде жұмыстан кететіндігі туралы арыз берді. Президент Н. Назарбаев өтінішті қабылдады. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовтің орнынан түсуі туралы Жарлығы 24.09.2012 . Сол күні Мәсімов Президент Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың К.Қ.Мәсімовті Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметіне тағайындау туралы Жарлығы, 24.09.2012
2014 жылғы 3 сәуірде екінші мәрте Қазақстан премьер-министрі болып тағайындалды. Бұл қызметте 2016 жылғы 8 қыркүйекке дейін болды.
2016 жылғы 8 қыркүйекте Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды.Кәрім Мәсімов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды 08.09.2016. 2022 жылғы 5 қаңтарда түнде Кәрім Мәсімовтің қызметінен босатылғаны хабарланды.Кәрім Мәсімов қызметінен алынды
2022 жылғы 6 қаңтарда Кәрім Мәсімов ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған мемлекетке опасыздық жасады деген айып тағылып, Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеу жұмыстарын бастады. Бұл туралы 8 қаңтар күні белгілі болды. 2023 жылғы 24 сәуір күні Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Кәрім Мәсімовке үкім шығарды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот отырысы аса құпия түрде өтіп, Мәсімовпен бірге оның бұрынғы үш орынбасары 3 жылдан 16 жылға дейінгі мерзімге сотталды.Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталды
Марапаттары 2010 жылы - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев орденімен 2004 жылы - «Құрмет» орденімен және медальдармен марапатталған.«Ақмола облысы» энциклопедиясы 2011 жылы - Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі. 2015 жылы - Халықтар достығы ордені (Беларусь)Президент Беларуси наградил орденом Дружбы народов Масимова, Дворковича, Шувалова и Шукеева 2016 жылы - 2-дәрежелі Барыс ордені (2016)За особые заслуги
Галерея
Бағалануы Оппозициялық саясаткер Болат Әбілов Мәсімов жайлы сөйлегенде соның «қолына ешнәрсе келмей жататынын», әр ірі лауазымдағы қызметінің сәтсіз болғанын және «керек сәтте, керек жерде» болып қалғанынан ғана шыңға жеткенін айтты да, оны «карикатуралық» тұлға деді.3:24 Ол кейін, оған қоса, оны «шынымен де ірі жемқор болған» деді.19:05
Отбасы Жұбайы — Дилярам Азатқызы Мәсімова (туғанында Машұрова). Мәсімов — 3 баланың әкесі.
Дереккөздер 14. https://kaz.orda.kz/kaerim-maesimov-18-zhylgha-sottaldy/
Сыртқы сілтемелер Кәрім Мәсімовтың ресми сайты
Санат:15 маусымда туғандар Санат:Астанада туғандар Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Қазақстан саясаткерлері Санат:Қазақстан премьер-министрлері Санат:Республикалық физика-математика мектебінің түлектері Санат:Қазақстан ұйғырлары Санат:Қазақстан банкирлері Санат:Қазақстан көлік және коммуникациялар министрлері Санат:Қазақстан экономистері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Экономика ғылымдарының докторлары Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев орденінің иегерлері Санат:Қазақстан ҰҚК қызметкерлері Санат:Қазақстан ҰҚК төрағалары Санат:Қазақстан экономика министрлері Санат:Қазақстан тұтқындары Санат:Қазақстан Президенті Әкімшілігінің басшылары