260 px||left|Лошадь в Воронежской области|thumb

Орловтың желісті жылқысы. Тарихы Бұл-ертеден келе жатқан тұқым. Ол 18 ғасырдың екінші жартысында, қазіргі Воронеж облысына қарайтын Хреновский жылқы завондында өсіріліп шығарылған. Орлов жылқысының тұқымын шығаруда граф А.Г.Орлов және жылқы өсіруші шаруа В.И.Шикин көп еңбек сіңірген. Орлов жылқысын өсіріп шығаруда сол кездегі жылқылардың жақсы тұқымдары пайдаланылған. Тәжірибе жұмысы Тәжірибе жұмысын жүргізгенде жылқы қорада, әрі жацылымда бағылып, жемшөп мейлінше омл берілген. Тәжірибенің баста мақсаты –бұл тұқымның жұмысқа жарамжыдығын сынау болған. Ол үшін жылқы өсірушілер сыналатын жылқыларды жеңіл арбаға жегіп, жақын жерге,сол сияқты ауыр арбаға жегіп, алыс жерлерге (22км) барып көрген. Заводта пайдалануға тек өзінің түрі, сымбаты,жұмысқа жарамдылығы жағынан жаңа тұқымға толық сай келеді деген жылқылар іріктеліп алынған. Орлов жылқысын өсіріп, жетілдіріп жөнінде қолданылған осындай тәжірибелер бұдан бұрынғыи уақыттта да сақталып келген. Бұл жылқы өсіріле басталған алғашқы күннен әрқайсысының асыл тұқымдық сапасы есепке алынып, күнделік дәптерге жазылды. Талай еңбектерде жарияланды. Былайша айтқанда, таза қанды орлов жылқысының қай-қайсысы жөнінде болса да, тіпті оның аты-тегіне дейін керек кезінде толық мәлімет алуға болады. Міне, осындай жұмыстардың арқасында желісті орлов жылқысы дүние жүзіндегі ең жақсы асыл тұқымды жылқылардың қатарына қосылады. Орлов желісті жылқысының басы үлкен, бірақ түгі тықыр, мойны ұзын, көбінесе аққу мойынды әдемі болады, шоқтығы биік, етті келеді, арқасы тегіс және жалпақ, сауыры құйылған шойындай тұн-тұтас, аяқ сүйектері жуан. Буындарының солқылдақтығы, алдыңғы аяқтарының алшақтау келетіндігі денесінің кемшіліктеріне жатады. Орлов желісті жылқысы ірі келеді. Оның бұл сапасының зор маңызы бар. Өйткені жергілікті жылқыны орлов жылқысымен жақсартқанда, жергілікті жылқының бойын өсіру жағына көбірек көңіл бөлу қажет.

Дереккөздер Қазақ энциклопедиясы