Берікбай Сағындықұлы (24 мамыр 1939, Ақжар ауылы, Қызылорда облысы — 11 желтоқсан 2023, Алматы) — қазақстандық ғалым, журналист, филология ғылымдарының докторы (1994), профессор (1997).Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
Еңбек жолы ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) филология факултетін (1962), Мәскеудегі КСРО ҒА Шығыстану институтының аспирантурасын (1975) бітірген; 1961–72 жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер, хатшы; 1975–79 жылдары «Ғылым» баспасында редактор, редакция меңгерушісі; 1979–97 жылдары ҚазМУ-дың қазақ филологиясы кафедрасының оқытушысы; 1997 жылдан профессор. Сағындықұлының 2 монографиясы, 7 оқу құралы, 200-ден аса ғылыми және публицистикалық мақалалары бар; Қармақшы ауданының құрметті азаматы (2005).«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия // Бас редактор Ә. Нысанбаев — Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:Филология ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан журналистері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Қазақстан филологтары Санат:Ыбырай Алтынсарин төсбелгісімен марапатталғандар Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оқытушылары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлары