Шөптесін кеуел (Кеуелдер тұқымдасы) — тропиктік және субтропиктік белдеуде тараған, кеуелдер тұқымдасының Қазақстандағы жалғыз өкілі. Ал Қазақстанда тек шөлді аймақтарда, сазды, қиыршық тасты, құмды және сортаң топырақта кездеседі. 18-20 м-лік тамырының арқасында ыстыққа төзімді, көп жылдық өсімдік. Көп сабақты, төсемелі ұзындығы 2 м-ге дейін, қысқа сағақты, дөңгеленген жылтыр тақталы, кезектесе орналасқан. Гүлдері үлкен, диаметрі 4-8 см. Желектері үлкен, тостағаншаның санымен бірдей (төртеу). Мамыр-маусымда гүлдейді, шілде-тамызда піседі. Гүлдері тек кешке қарай ашады. Кешке ашылған гүл ертеңгісін сағат 10-11-де гүлдеуі аяқталады. Осылай бір гүл бір тәуліктен аз өмір сүреді. Тамырын жібекті қою жасылға бояу мақсатында қолданады. Маринадталған жемісі мен бүршігі қоспа ретінде етке Кавказда, Жапонияда және т.б. жерлерде қосылады. А. А. Иващенко. Қазақстан өсімдіктер әлемі. Алматыкітап баспасы, 2012. Дереккөздер
Санат:Кеуелдер Санат:Қазақстан флорасы