Юбилейное — Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы, Калинин ауылдық округі құрамындағы ауыл, 2019-жылға дейін қысқартылған "Юбилейный ауылдық округі" орталығы болған.
Географиялық ауданы Аудан орталығы - Әйет ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 42 км-дей, Рудный қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 5 км-дей жерде, Тобыл өзенінің сол жағалық аңғарында орналасқан.
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 990 адам (465 ер адам және 525 әйел адам) болса, 2009 жылы 994 адамды (476 ер адам және 518 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Тарихы Ауыл 1982-96 жылдары картоп өсіретін кеңшардың орталығы болған. Оның негізінде Юбилейноеде ЖШС құрылды. Ауыл арқылы Лисаковск – Рудный автомобиль жолы өтеді.
Дереккөздер
Санат:Бейімбет Майлин ауданы елді мекендері